Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ауасы ең лас қала аталды

Әлемдегі ауасы ең лас қала аталды

Әлемдегі ауасы ең лас қала – Үндістан астанасы, деп хабарлайды «Хабар 24».

2021 жылдың қорытындысы осындай. Мұндай мәліметті швейцариялық IQAir зерттеу ұйымы жариялады. Осылайша Нью-Дели бұл тізімді қатарынан төртінші жыл бастап тұр. Тексеріс мұнда ауа өкпе мен тамырға толық жетпейтіні және жеткеннің өзінде тыныс алу ауруларын тудыратыны анықталған. Осы ластықтан Үндістанда миллиондаған тұрғын көз жұмады. 2020 жылы бір ғана Нью-Делиде 54 мыңға жуық адам қайтыс болған. Зерттеу бойынша, әлемнің ауасы лас 6 қаласы осы елде.

kyzylorda-news.kz
27 наурыз 2022 ж. 626 0