Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аргентинада динозаврдың жаңа түрі табылды

Аргентинада динозаврдың жаңа түрі табылды

Аргентина ғалымдары динозаврлардың жаңа түрін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Джордж Мартиннің «Мұз бен от әндеріндегі» айдаһардың құрметіне Мераксес Гигас деп аталды. Кесірткенің басы үлкен, алдыңғы аяқтары қысқа болған. Бұл – 90 миллионнан астам жыл бұрын Патагонияда өмір сүрген жыртқыш кархародонтозавр. Алдыңғы аяқтарының қысқалығы оны тираннозавр рекс түріне ұқсататын. Сарапшылар динозаврлардың бұл қасиеті олардың топтасып тамақтану кезінде басқа динозаврлардың тістеуінен қорғаған деп пайымдап отыр.

«Олар бұрын-соңды тіршілік еткен ең үлкен жыртқыш динозаврлардың бірі. Бірақ бұған дейін бас сүйектері бүтін түрінде табылмапты. Көптеген өлшемдер тек болжам болғам.Енді, Меракс анықталған кезде, біз бас сүйек пен табанның нақты өлшеміне жақындадық. Бұл осы түрдің эволюциясын түсіну үшін қажет», дейді палеонтолог Себастьян Апестегуйя.

Аргентинада табылған динозаврдың жасы 39 бен 53 арасында болған. Бұл – жер бетінде табылған ең көне үлгілердің бірі. Мераксес тираннозавр рекс пайда болғанға дейін шамамен 20 миллион жыл бұрын жойылды.
10 шілде 2022 ж. 747 0