Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды
Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Қытай билігі вирус белгілері жоқ төрт науқас анықталған соң қала маңындағы бір миллионға жуық тұрғыннан үйде отыруды талап етті.
Цзянся ауданының тұрғындарына алдағы үш күн бойы үйден шықпау жөнінде бұйрық берілді.
Екі күн бұрын 12 млн халқы бар Ухань қаласында тұрғындарды әдеттегі тестілеу кезінде екі асимптоматикалық жағдай анықталған. Содан кейін осы екі адамның байланыс тізбегі бойынан ауру белгілері жоқ тағы екі тасымалдаушы анықталған соң, билік дереу карантин туралы қаулы шығарды.