Ресейде COVID-19 жұқтырғандар саны артты

Кейінгі тәулікте қауіпті инфекция 18 мыңнан астам адамнан анықталған. Бұл сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш. Сала мамандары мұны омикронның аса жұқпалы түрлерімен байланыстырып отыр. Десе де, ауруханаға түсу деректері көп болмайтынын айтады. Сондықтан ел аумағында шектеу шараларын қайта енгізу қажеттілігі жоқ дейді.
baq.kz