Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Зеландияда оннан астам жолаушы мінген яхта аударылды

Жаңа Зеландияда оннан астам жолаушы мінген яхта аударылды

Associated Press агенттігінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға салдарынан бес адам қаза тапқан. Алдын ала болжамдарға сәйкес, яхтаның аударылуына кит себеп болуы мүмкін.

Ұзындығы 8,5 метрді құрайтын яхта Жаңа Зеландиядағы Каикоурдағы Гуз шығанағына құстарды бақылауға шыққан. Белгісіз нысанға соғылған кеме апатқа ұшыраған.

Полицияның дерегінше, қайғылы жағдай бес адамның өмірін жалмады. Қалған алты адам құтқарылды.

baq.kz
10 қыркүйек 2022 ж. 366 0