АҚШ-та мұнай қоры күрт азайды
АҚШ-та мұнайдың стратегиялық қоры 431 миллион баррельге дейін күрт азайып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.Бұл кейінгі 38 жылда болмаған жағдай. Президент Джо Байден наурызда стратегиялық қордан күн сайын қара алтынның бір миллион баррелін бөліп отыруға тапсырма берген. Бұл жанармайдың қымбаттауымен күрес шарасы ретінде қабылданған шешім.
Осылайша нарықта бағаларды тұрақтандыру көзделіп отыр. Қазір энергия тасымалаушылардың қымбаттауы тек АҚШ қана емес, әлемнің өзге елдері үшін де өзекті мәселеге айналды.
baq.kz