Италияның шығыс бөлігінде су тасқыны болды

«Хабар 24» ақпаратына сәйкес, қалалардың көшелері, үйлері мен жолдары су астында қалды, ал кейбір елді мекендер жарықсыз қалды.
Апаттан 8 адам көз жұмды. Тағы 4 адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады, олардың арасында үш жасар баласы бар әйел бар.
Құтқару жұмыстарына 180-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өңірде іздеу жұмыстары жалғасуда.