Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда Еуропадағы ең үлкен кітапхана ашылды

Түркияда Еуропадағы ең үлкен кітапхана ашылды

Түркияда Еуропадағы ең үлкен кітапхана ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кітапхана Түркияның Ыстамбұл шаһарында ашылды. Оның ашылу салтанатына Түркия президент Режеп Тайып Ердоғанның және аталған елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нұри Ерсойдың қатысты. Бұл жайында islamosfera сайты жазады.

Кітапхана 18 ғасырда салынған және 1960 жылдарға дейін жұмыс істеген тарихи Рами казармасында орналасқан. 1980 жылы ғимарат Ыстамбұл муниципалитетіне берілді және автотұрақ, футбол алаңы, сонымен қатар азық-түлік базары ретінде пайдаланылды. Мұнда 2014 жылы ауқымды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Тәулік бойы, яғни, 24 сағат бойы есігі оқырмандарына ашық болатын аталған кітапхананың аумағы 36 мың шаршы метрді құрайды. Ал жасыл желек жамылған аймағы – 51 мың шаршы метр. Сонда жалпы аумағы 110 мың шаршы метрге жетеді.

Мехмет Нұри Ерсой өз сөзінде кітапхананың кітаптар, цифрлық материалдар мен түрлі басылымдар қоры қазіргі уақытта 2 миллионнан астам дананы құрайтынын және мұнымен ғана шектеліп қалмай, алдағы уақытта да кітапхана қоры толықтырыла беретінін жеткізді. Кітапхана координаторы Рами Осман Зорлы осынау мәдени мекеменің әлемдегі үшінші үлкен кітапхана болатынын алға тартты.

Рамидің кітапханасы барлық жастағы адамдарға арналған. Бұл нені білдіреді? Біз 0-ден 3 жасқа дейінгі балалар тобынан бастаймыз, оларды да қабылдауға дайынбыз. Сондай-ақ, орта мектептерге, гимназияларға және университеттерге арналған арнайы кітапханалар бар. Қайырымдылық қорларының (уақып) мәдениетіне сәйкес біз қонақтарымызға күніне екі рет көже береміз, ал күндіз мұнда шәй мен торттан дәм тата аласыз,- деді үйлестіруші.

Рами кітапханасында оқу кабинеттері, балалар мен жасөспірімдерге арналған бөлімдер, конференциялар, көрмелер мен жәрмеңкелер, шеберлік сыныптары және басқа да іс-шараларға арналған залдар бар. Оқырмандардың жағдайы үшін барлығы қарастырылған. Онда дәмхана, мешіт, тіпті, ана мен балаға арналған бөлме де бар.
19 қаңтар 2023 ж. 568 0