Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония Ресейге санкцияны күшейтеді

Жапония Ресейге санкцияны күшейтеді

Жапония билігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты оған қарсы санкцияларды күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Жапония үкіметінің баспасөз қызметі жариялады. Атап айтсақ, Жапония 48 жеке тұлға мен 94 ұйымға шектеу енгізді. Олардың Жапониядағы активтері тоқтатылады.

Санкция салынатындардың тізімінде Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Виктор Горемыкин, «Калашников» концернінің президенті Алан Лушников, Мемлекеттік кеңестің қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Александр Харичев және оның орынбасары Борис Рапопорт бар.

Сонымен қатар Росбанк пен Вагнер компанияларының активтері шектеледі.
28 ақпан 2023 ж. 478 0