Әлемдегі ең ірі алтын өндіру шахтасында өрт шықты
Перудегі алтын кенішінде өрт болып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл Перудегі соңғы онжылдықтардағы ең ауыр шахта апаты болды.
Yanaquihua тау-кен компаниясының хабарлауынша, 175 кенші құтқарылған.
Өрттің себебі электр желісінің тұйықталып қолуы деп болжануда. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, кеншілер өрт шыққан кезде шамамен 100 метр тереңдікте жұмыс істеген.
Жергілікті БАҚ жариялаған суреттерде тау бөктерінен шыққан жалын мен түтін анық көрінеді.
Перу жаңалықтар сайтының хабарлауынша, өрттің өршіп кетуіне шахтадағы туннелдің ағаш тіректері әсер еткен. Өйткені олардың көбі мұнайға малынған.
Оқиғаға қатысты шұғыл тергеу басталды.
Перу әлемдегі ең ірі алтын өндірушілердің бірі. Жылына 100 тоннадан астам алтын өндіреді немесе әлемдегі барлық жылдық қордың шамамен 4 пайызын құрайды.