Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Непалда әуе апатынан 6 адам қаза тапты

Непалда әуе апатынан 6 адам қаза тапты

Қайғылы жағдай елдің солтүстік-шығысында ел астанасы Катманду маңында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Билік істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комитет құрды. Туристер мінген тікұшақ Эверест тауынан ел астанасына қайтып келе жатқаны белгілі болды. Оқыс оқиғаға күн райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Қазір елде жауын-шашын көп түсіп жатыр. Өңірдегі әуежайлардың жұмысы тұралап, рейстер кейінге шегерілген.
12 шілде 2023 ж. 145 0