Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда су тасқынынан 100-ден астам тұрғын опат болды

Үндістанда су тасқынынан 100-ден астам тұрғын опат болды

Үндістанның солтүстігінде су тасқыны салдарынан 100-ден астам тұрғын опат болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі – Химачал-Прадеш таулы аймағының тұрғындары. Сонымен қатар ел астанасы Нью-Дели де су астында қалды. Әкімшілік ғимараттар орналасқан орталық аудандардан қазір тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Мектептер мен колледждерде сабақ уақытша тоқтатылды. Муссондық жаңбыр салдарынан туындаған тасқындар инфрақұрылымға үлкен залал келтірді. Жүздеген үй, көпірлер мен көліктер зақымданды. Метеорологтар алдағы күндері солтүстік аймақтарда жауын-шашын қайта жауады деп хабарлайды.
14 шілде 2023 ж. 180 0