Анталияда қазақстандық суретшінің көркем көрмесі өтті

Көркем экспозицияның ашылуына Анталия қаласы муниципалитетінің басшылығы, Анталияның Мәдениет және туризм басқармасының басшысы, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ отандастар мен қала қонақтары қатысты.
Ү.ж. 24 шілде – 7 тамыз аралығында өтетін көрмеде пейзаж, натюрморт, тарихи жанрлардағы 52 жұмыс ұсынылды, онда Қазақстанның көркем табиғаты, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысы бейнеленген.