Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда көшкіннің салдарынан мерт болғандар саны 12-ге жетті

Грузияда көшкіннің салдарынан мерт болғандар саны 12-ге жетті

Грузияның Шови ауылында таң атқалы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы кезде құтқарушыларға әскер қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Новости-Грузия агенттігіне сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, бүгін сағат 15:00-де курортты ауылды көшкін басып қалғанына екі тәулік болды.

Мерт болғандар саны 12 адамға жетті, тағы 25-29 адамға іздеу жарияланды. Бұл сандар қайта-қайта өзгеріп жатыр, 210 адам эвакуацияланды.

Құтқарушылар бүгін көшкін басып қалған саяжайлар мен коттедждерге де жетеді деген үміт бар.

Грузияның әлеуметтік желілері көшкін кезінде жоғалып кеткен адамдардың суреттеріне толы.

Оқиға болған аймаққа еріктілер келіп жатыр. Алайда полиция арнайы дайындығы мен құрылғылары жоқ адамдарды жібермеуге тырысуда.

Елде Аза тұту күні 7-ші тамызға белгіленгеніне қарамастан көптеген ойын-сауық іс-шараларына тыйым салынды.

Осыған дейін Грузияның таулы аймағында көшкін жүріп, 70 адам эвакуацияланғанын жаздық.

Сондай-ақ Грузияда қаралы күні 7-ші тамызға белгіленгенін хабарладық.
06 тамыз 2023 ж. 331 0