Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Чилиде қысқы ыстық 37 градусқа жетті

Чилиде қысқы ыстық 37 градусқа жетті

Климатологтердің пікірінше, уақыт өткен сайын қысқы жылу қалыпты жағдайға айналуы мүмкін, өйткені ауа температурасы орташа мәннен 15°C-қа асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Қысқы жылу толқыны Чилиге бұрын-соңды болмаған жоғары температураны әкелді.

Ғалымдардың пайымдауынша, бұл құбылыс болашақта климаттың барған сайын жылына түсетінін білдіреді.
Дүниежүзі бойынша шілде айы рекордтық деңгейдегі ыстық ай болды және көптеген елдерде бұл төтенше ауа райы тамыз айына дейін жалғасады.
Тамыздың алғашқы күндерінде Чилидің солтүстік және орталық аймақтарында аптап ыстық, ал қыстың ортасында Сантьягода көктемге ұқсас ауа райы орнады.
Биылғы қыста Чилиде нөсер жауын да болды.
Чилидегі қыс биыл күтпеген оқиғаларға толы болды: соңғы онжылдықта жаумаған нөсер жаңбыр мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды, қалалар оқшауланып, елдің оңтүстік-орталық бөлігіндегі жолдар жабылды.
Метеорологиялық қызметтің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елдің солтүстігі мен орталығында ыстық ауа температурасы апта бойы сақталады.
09 тамыз 2023 ж. 187 0