Қытай Жапониядан теңіз өнімдерін импорттауды тоқтатты

Агенттік мәлімдемесінде қытайлық тұтынушылардың денсаулығын сақтау және импортталатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бас кеден басқармасы 24 тамыздан бастап Жапониядан шыққан теңіз өнімдерінің импортын тоқтататыны айтылған.
Жапония 24 тамыздан бастап «Фукусима-1» атом электр станциясынан су ағыза бастады.
2011 жылы 11 наурызда теңізде болған магнитудасы 9,0 болатын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде Жапонияның шығыс жағалауында қуатты цунами болған еді. Жер сілкінісі мен цунами 20 мыңға жуық адамның өмірін қиды. Табиғи апат Фукусима атом электр станциясындағы апатқа да себеп болды.