Оңтүстік Африка республикасында иесіз ғимараттағы өрт кезінде 73 адам көз жұмды

Бейсенбіге қараған түні қаладағы бұрынғы бизнес кварталында үйсіз адамдар паналаған ғимарат өртен кеткен. Құтқарушылар ғимараттағы адамдарды эвакуациялап, құтқару операциясын ұйымдастырған. Дегенмен көпшілігі үйден шыға алмай қалған.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Роберт Мулаудзи құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтады. Себебі құтқарушылар 5 қабатты толығымен тексеріп үлгермеген.
"Қызмет еткен 20 жылда мұндай жағдаймен бетпе-бет келмегенмін", – деді Мулаудзи деді ол.
Бес қабатты ғимарат Йоханнесбургтегі іскер ауданда орналасқан. Соңғы жылдары нысанды үйсіз қалғандар паналап келіпті.
Қазір өрт сөндірілгенімен, түтіні әлі басылмаған.
Фото: stan.kz