Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Канадада 5 млн ара көшеге тарады

Канадада 5 млн ара көшеге тарады

Онтарио штаты, Берлингтон қаласындағы көшелердің бірінде сәрсенбі күні таңертең аралар қаптап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 5 миллион ара тиелген жәшіктер жүк көлігінен құлап түскен. Араларды қыстау үшін Милтон қаласына апара жатқан.

Tri-City Bee Rescue омарта компаниясының иесі Майкл Барбердің айтуынша, еңбек етіп келе жатқан 11 жылда ол мұндайды көрмеген.

Омарталарды ұстап тұрған баулар босап кетіп, жәшіктер жолға құлаған және зақымдалған.

Жүргізушілерге терезе ашпау бұйырылды, ал жаяу жүргіншілерге оқиға орнына алысырақ жүру ескертілді. Әлеуметтік желілер арқылы полиция азаматтарды осы аймаққа жақындамауға шақырды.

М.Барбер полициядан хабарлама алғаннан кейін, ол басқа омарташылардан қосымша көмек сұрады. Жалпы алғанда, ондаған омарташы ара ұстау операциясына қатысты. М.Барбер кейінірек хабарлағандай, аралар мен олардың ұялары 400 метр аумаққа жайылған. Жақын маңдағы машиналар мен пошта бекеттерінде жас аралар жиналған, оның айтуынша, олар қауіпсіз орын іздеген кезде осылай жасайды. Бірнеше сағаттан кейін аралардың көпшілігі өз ұяларын тапқан, бірақ бірнеше жүз ара апаттан қырылған.

Мәлім болғандай, жүк көлігінің жүргізушісін аралар 100 рет шаққан, өйткені оның омарташы костюмі болмаған. Жақын жерде жедел жәрдем дәрігерлері болғандықтан ол ауыр зардаптан аман қалған.
01 қыркүйек 2023 ж. 193 0