Жапония үкіметі отставкаға кетті
Жапонияның үкіметі толығымен отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News+ басылымына сілтеме жасап.
Тиісті шешімді Жапония премьер-министрі Фумио Кишида қабылдады. Ол министр лауазымына бес әйелді тағайындады. Бұл Жапония тарихындағы үкіметтегі әйелдердің ең көп саны.
Ф.Кишида 19 министрдің ішінен 11 жаңа тұлғаны таңдап алды, сонымен бірге министрлер кабинетінің бірнеше негізгі мүшелерін қалдырды. Сыртқы істер министрі болып бұрынғы әділет министрі Йоко Камикава тағайындалды.
Қаржы министрі Шуничи Сузуки, Министрлер кабинетінің бас хатшысы Хироказу Мацуно және өнеркәсіп министрі Ясутоши Нишимура өз орындарында қалды. Мацуно мен Нишимура өздерінің консервативті саяси көзқарастарымен танымал.
Жапонияның қорғаныс министрі болып бұрынғы премьер-министр Йосихиде Суганың арнайы кеңесшісі болған Минору Кихара тағайындалды. Кихара Тайваньмен байланыстарды дамытуға арналған екі партиялық топтың аға мүшесі.
Кабинеттің басқа жаңа мүшелеріне Денсаулық сақтау министрі Кейзо Такеми, Қайта құру министрі Кинако Цучия және Ауыл шаруашылығы министрі Ичиро Мияшита кіреді.
Қаржы министрлігінің басшысы Шуничи Сузуки, елдің экономикалық қауіпсіздік министрі Санае Такайчи және цифрландыру министрі Таро Коно да жаңа үкіметте өз міндеттерін атқара береді.