Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Египет АҚШ азаматтығы бар палестиналықтарға дәліз ашты

Египет АҚШ азаматтығы бар палестиналықтарға дәліз ашты

Каир мен Вашингтон арасындағы келісімнің нәтижесінде Газа секторы мен Мысыр арасындағы Рафах бақылау-өткізу пункті сенбі күні АҚШ азаматтары мен АҚШ азаматтығы бар палестиналықтар үшін жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін ашық болады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Газа секторында Израиль қорғаныс күштерінің құрлықтағы операциясына байланысты сектордың солтүстік аудандарынан оңтүстігіне қарай тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жүріп жатыр.

Washington Post басылымының хабарлауынша, Газа секторында америкалық төлқұжатпен 600-ге жуық палестиналық тұрады. Олардың барлығы, АҚШ билігімен байланыста.

Мысырға баратын дәліз туралы келісімге Израиль мен Катар бақылаушыларының қатысуымен Каир мен Вашингтон өкілдерінің тікелей келіссөздері кезінде қол жеткізілгені хабарланды.

Дәліз Мысыр уақыты бойынша түскі сағат 12-де ашылды және бес сағат бойы ашық болады.

14 қазан 2023 ж. 544 0