Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бішкекте екінші Халық құрылтайы өтеді

Бішкекте екінші Халық құрылтайы өтеді

Қырғызстан астанасында 15-16 желтоқсан күндері Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен Халық құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Мемлекет басшысы С.Жапаров «Халық құрылтайын өткізу туралы» Жарлыққа халық билігінің іргетасын одан әрі нығайту, ұлттық сананы дамыту, аумақтық мәселелерді шешу, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы үшін қол қойды.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетовтің айтуынша, Халық құрылтайы нақты мәселелерді шешетін және жұмыс жүргізетін алаңға айналады.

Халық құрылтайына биыл сайланған 700 делегат қатысады. Олардың қатарында республиканың барлық аймағынан 640 адам, этностардан 30 өкіл, шетелдегі еңбек мигранттарынан 30 делегат бар. Сонымен қатар Жогорку Кенеш депутаттары, Министрлер кабинетінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері де қатысады.

Сурет: kaz.inform.kz

13 желтоқсан 2023 ж. 543 0