Қытайда зілзала құрбандарының саны 144-ке жетті
Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 144 адамға жетті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы мәлім етті. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңарған деректер бойынша 113 адам Ганьсу провинциясында, ал 31 тұрғын Цинхай провинциясында мерт болған. Үш адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.
Іздеу-құтқару жұмыстары күрделі метеорологиялық және географиялық жағдайларға байланысты қиындаған. Жер сілкінісі болған кезде түнде ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеді.
Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері Ганьсу провинциясының Цзишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округінде тіркелді. Ошағы 10 км тереңдікте болған.
kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz