Якутияда ұшақ мұзды өзенге қонды
Якутияда ұшақ әуежайға қонбай, мұз боп қатқан өзен үстіне қонған, деп жазады Egemen.kz.
Якутск Вечерний мәліметінше, «Полярные авиалинии» әуекомпаниясына тиесілі АН-24 ұшағы Якутск - Зырянка - Среднеколымск бағыты бойынша ұшып, Зырянки әуежайына жетіп қалғанда ұшу-қону алаңына емес, Кольма өзеніне қонған.
Бортта болған 4 экипаж мүшелері және 30 жолаушының ешбірі зардап шекпеген, ұшақ та зақымданбаған. Жолаушылар аэровокзалға жіберілген, ал балаларымен бірге ұшқандар қонақүйге қоныстанған.
Алдын ала мәлімет бойынша, діттеген орнына қонбаған бұндай жағдай – ұшқыштардың қателігі. Росавиацияның өңірлік басқармасы аталған оқиғаға қатысты тексеру тағайындады.
Сурет: egemen.kz