Францияның бұрынғы президенті сотталды
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 1 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.Ол кесілген жазаның жартысын қолына электронды білезік тағып, шартты түрде өтейді. Бұл үкімді Париждің аппеляциялық соты шығарған. Саркози 2012 жылғы сайлауалды науқанын заңсыз қаржыландырған деп айыпталды. 
Прокурорлардың айтуынша, экс-президент сайлауалды науқанға 42,8 миллион еуро жұмсаған, бұл рұқсат етілген сомадан екі есе артық.
Фото: inbusiness.kz






		
		



