Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа үкім шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімімен М.Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді", - деді сот.
Сот істің "Құпия" қаралғанын айтып, нақтырақ ақпарат бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы оқиға кезінде бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов "заңсыз бұйрықтар" бергенін айтқан болатын.
kyzylorda-news.kz
Фото: inform.kz