Грузия парламенті қауіптіліктің қызыл деңгейін енгізді

"Новости – Грузия" телеграм-арнасы парламенттің ғимаратынан барлық қызметкер шығарылуы тиіс деп отыр.
Бостандық алаңына арнайы қызмет өкілдері мен суатқыш техника күзетке келген. Заң бойынша дауыс берген депутаттар ғимараттан шығарылды, ал полиция белсенділерді қолға түсіруді бастап кетті.
14 мамырда Грузия парламенті үшінші оқылымда шетелдік агенттер туралы заңды қабылдаған болатын.
Фото: ашық дереккөз