Үндістанда әуеде ұшақ өртенді

Daily Mail басылымы таратқан дерекке сәйкес, оқиға Бангалор қаласынан Кочиге рейс барысында орын алды. Әуеге көтерілген соң арада бірнеше минут өткенде ұшақтың қозғалтқышынан өрт шыққан. Айта кетерлігі, әуе кемесінің бортында 179 жолаушы мен алты эпикаж мүшесі болған.
Экипаж дереу төтенше жағдай жариялап, Бангалор әуежайына кері қайту туралы шешім қабылдады.
Ұшақ сәтті қонған соң жолаушылар эвакуацияланып, өрт сөндірілді.
Air India компаниясы өрттің себептерін анықтау үшін тиісті тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.
Сурет: ашық дереккөзден алынды