Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда көлік тоғанға аударылып, 6 бала көз жұмды

Қырғызстанда көлік тоғанға аударылып, 6 бала көз жұмды

Қырғызстанның Қара-Балта аумағында көлік тоғанға аударылып, салонда болған 6 бала көз жұмды. Қырғыз полициясы оқиға болған кезде жүргізушінің мас болғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz  24.kg-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 маусым күні, кешке болған. Volkswagen Jetta жүргізушісі мас күйінде көлік тізгіндеп, рөлге ие бола алмай тоғанға аударылған. Салдарынан 4-9 жас аралығындағы 6 бала суға батып, қайтыс болды. Бақилық болғандар бір отбасының балалары екені анықталды.

Қара-Балтаның 40 жастағы тұрғыны әйелі және төрт баласымен бірге № 3 тоғанға демалуға келген. Олардың жанында ер адамның әпкесі және оның да төрт баласы болған.

Полиция олар демалуға келген аймақта шомылуға тыйым салынғанын да атап өтті.

Төтенше жағдайдан жүргізуші, оның әйелі, үш айлық қызы, ер адамның әпкесі және оның жеті жасар қызы ғана аман қалған. Жүргізушіден өзгелері ауруханаға жеткізілген.

Ал рөлдегі адам тергеуге алынып, қамауда отыр.

Сурет: egemen.kz
21 маусым 2024 ж. 492 0