Әлемде тырысқақ ауруына шалдыққандар саны артты

Ұйымның мәліметінше, мамыр айында 19 елде тырысқаққа шалдыққан 46 424 адам тіркелген. Сәуірмен салыстырғанда мамырда ауру 58%-ға артып отыр.
Сарапшылар, әсіресе, Шығыс Жерорта теңізінде аурушаңдықтың жоғары екенін түсіндірді. Ауғанстанда аурудың 13 мыңнан астам, Пәкістанда 13 мыңнан астам жаңа ошағы тіркелген. 2023 жылдың қаңтарында ДДҰ тырысқақпен байланысты жаһандық жағдайды «үшінші санататағы төтенше жағдай» деп сипаттаған еді.
Тырысқақ – қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғыш адам ағзасына ластанған тамақ немесе су арқылы енетінін атап өткен жөн.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз