Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ басшысы төтенше ыстықтан қорғану үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды

БҰҰ басшысы төтенше ыстықтан қорғану үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды

Миллиардтаған адам 50 градус Цельсийден асатын төтенше ыстық пен өлімге әкелетін аптап ыстықтың «індетіне» тап болуда. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің төтенше ыстықпен күресу жөніндегі жаңа әрекетке шақыруын таныстырған кезде айтты.

БҰҰ басшысының айтуынша, жаңа дерек бойынша өткен жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері тарихтағы ең ыстық үш күн болған.

Төтенше ыстық экономиканы бұзады, теңсіздікті күшейтеді, тұрақтылық мақсаттарына нұқсан келтіреді және адам өліміне әкеледі. Жер барған сайын ыстық және өмірге қауіп төндіретін орынға айналады. Әрекет етуге шақыру - БҰҰ-ның он мамандандырылған құрылымының тәжірибесіне сүйене отырып, аптап ыстықтың салдарын көрсететін алғашқы құжат.

Бас хатшы ауа температурасының көтерілуіне байланысты ең қауіпті топтарға жүкті әйелдер, мүгедектер мен денсаулығы нашар адамдар, қарттар, балалар, қоныс аударғандар және салқындатқышы жоқ сапасыз тұрғын үйде тұратын кедейлер тобы жататынын атап өтті.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз
28 шілде 2024 ж. 200 0