Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Венесуэлада президент сайлауы өтіп жатыр

Венесуэлада президент сайлауы өтіп жатыр

Жексенбі күні венесуэлалықтар президент сайлауында дауыс берді. 2013 жылы Уго Чавес қайтыс болғаннан кейін бұл қызметке келген қазіргі президент Николас Мадуро қатарынан үшінші рет сайлауға түсті, деп жазады ВВС.

Оның басты бәсекелесі – бұрынғы дипломат Эдмундо Гонсалес. Оны оппозициялық партиялар коалициясы қолдайды.

Сауалнамаларға сәйкес, ол қазіргі президенттен айтарлықтай алда келеді.

Алайда, әлем қауымдастығы 2018 жылғы соңғы сайлауды не еркін, не әділ деп мойындамады, сондықтан Мадуро қажетті нәтижеге қол жеткізе алмаса, бұл сайлаудың нәтижесі бұрмаланады деген қауіп бар.

Венесуэла сайлау комиссиясында үкіметке адал адамдардың жұмыс істеуі оппозицияның алаңдаушылығын тудырды.

Дауыс беру электронды түрде өткізіледі және нәтижесі жексенбіге қараған түні жарияланады. Жеңімпаз 2025 жылдың 10 қаңтарында ант беруі керек.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
29 шілде 2024 ж. 221 0