Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Бұл шешім Жапонияның метеорологиялық агенттігі Нанкай аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін қабылданған. Жапонияның метеорологиялық агенттігі бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысында болған 7,1 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат өткен соң алғаш рет ескерту жасады.
Агенттік мәліметінше, Тынық мұхитының оңтүстік-батысынан орталық Жапонияға дейінгі аумақтарды қамтитын үлкен жер сілкінісі қаупі артқан.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида 9-10 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: el.kz