Португалияда тікұшақ апатқа ұшырады

Lusa агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тікұшақ елдің солтүстігіндегі өзенге құлаған. Тікұшақтың ішінен Португалияның ұлттық ұланының екі әскери қызметкерінің денесі табылды. Тағы үш адам хабар-ошарсыз кеткен.
Әзірге қайғылы оқиға туралы басқа ақпарат жоқ.
Сурет: ашық дереккөз