Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Непалда су тасқыны мен көшкін салдарынан 66 адам қаза тапты

Непалда су тасқыны мен көшкін салдарынан 66 адам қаза тапты

Непалда 27 қыркүйектен бергі толассыз жауған жаңбырдан соң болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан үлкен жолдар жабылып, ішкі әуе қатынасы үзілді, кем дегенде 66 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.  

Басылымның мәліметінше, зардап шеккендер саны тағы да артуы мүмкін. Өйткені 27 қыркүйек күні таңертеңнен бері тағы 69 адам із-түссіз жоғалып, 60 адам жарақат алған. Қаза болғандардың көпшілігі 4 миллион адам тұратын Катманду аңғарында екені хабарланды. Құтқарушылар шатырларда немесе биік жерлерде жан сақтап қалған адамдарға көмектесу үшін тікұшақтар мен резеңке қайықтарды пайдаланған. Өйткені Катмандудың кейбір аудандарында соңғы тәулікте 322,2 мм жаңбыр жауған.

    – Нөсер жаңбыр жексенбі күні таңертеңге дейін жалғасуы мүмкін, содан кейін күн ашық болады. Орталық және шығыс облыстардың көпшілігінде 50 миллиметрден 200 миллиметрге дейін орташа және өте қатты жауын-шашын түсті, – деді ресми өкілдер.

Халықаралық рейстер жұмыс істеп жатқаны, бірақ көптеген ішкі рейстердің тоқтатылғаны атап өтілді.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
29 қыркүйек 2024 ж. 208 0