Литвада парламенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Сейсенбі күні Литвада үш күнге созылатын парламенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Литва Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлық 60 муниципалитеттегі сайлау учаскелері сейсенбіден бейсенбіге дейін сағат 07:00-ден 20:00 аралығында жұмыс істейді.
Baltic News Service (BNS) хабарлауынша, кейбір сайлаушылар сайлаудан кейін «адал, таза, жауапты және тұрақты жұмыс» күтетінін айтса, кейбіреулері радикалды партиялардан гөрі «классикалық партияны» таңдағандарын айтқан.
Негізгі сайлау жексенбі күні өтеді, парламенттегі (Сейм) орындар үшін 14 саяси партия мен бір коалиция күреседі. Сайлауға барлығы 1740 кандидат қатысады.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз