Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау-2021: Бірінші болып кім дауыс бергені белгілі болды

Сайлау-2021: Бірінші болып кім дауыс бергені белгілі болды

Оңтүстік Кореядағы Корё университетінде білім алушы  отандасымыз – Аделина Алпамыс ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz


Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады. Токиодағы #261 және Сеулдегі #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін ашылды. Бұл елдерде жүрген қазақстандықтар өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалана алады.
10 қаңтар 2021 ж. 368 0