Мәжіліс сайлауы: Қызылорда облысында дауыс беру кешірек басталады
 Қазақстанның бес облысының тұрғындары үшін мәжіліс сайлауында дауыс беру кешірек басталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Қазақстанның бес облысының тұрғындары үшін мәжіліс сайлауында дауыс беру кешірек басталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.Бес өңірде – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында учаскелер жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де жұмысын бастайды. Дегенмен уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты Қазақстанның қалған облыстарына қарағанда бір сағатқа кеш ашылады.
Жексенбі, 2021 жылдың 10 қаңтарында таңғы сағат 7-де Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылады.
Сағат 20.00-де учаскелер жабылып, дауыстарды санау басталады және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады деп жоспарланып отыр.
kyzylorda-news.kz
		





 
		 
		



