Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы теракт: Анкарада жарылыс болды

Түркиядағы теракт: Анкарада жарылыс болды

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая жарылыстан бірнеше адамның зардап шеккенін, тіпті қаза болғандар бар екенін айтты.
Анкарада TUSAŞ аэроғарыш компаниясының жанында жарылыс болды. Шабуылдаушылар нысанға кірмек болғанын мәлімдейді түркиялық A Haber телеарнасы, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл компания ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндірумен айналысады. Нысанға кірмекші болғандар күзетшілерге тап болған. Осыдан кейін жарылыс болып, атыс басталған.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая бұл оқиғаны теракт деп атады. Ол бірнеше адамның зардап шеккенін, тіпті қаза болғандар бар екенін айтты. Бірақ нақты мәлімет бермеді.

Бұған дейін Түркияның ұлттық барлау ұйымы Бари Юсубовтың ұсталғанын хабарлаған. Ол Қазақстан аумағында жұмыс істеген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер – болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.

Сурет: ​qaz.ulysmedia.kz​​​
24 қазан 2024 ж. 292 0