Газадағы құрбандар саны 43 341-ге жетті

Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймағында жасаған «төрт қырғын» нәтижесінде тек соңғы 24 сағатта 27 адам қаза тапты. Сонымен қатар Палестина анклавының 86 тұрғыны зардап шекті.
Марқұмдардың денелері әлі де қираған ғимараттардың Астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен Азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.– 2023 жылдың 7 қазанынан бері зардап шеккендердің жалпы саны 102 105-ке жетті, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.