Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі басты сұлулық байқауларының бірінде қай ару жеңіске жетті

Әлемдегі басты сұлулық байқауларының бірінде қай ару жеңіске жетті

Вьетнам жалауын көтерген Хюинь Тхи Тхань Тхюи негізгі халықаралық сұлулық байқауларының бірі саналатын Miss International байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Байқаудың ресми YouTube арнасына сілтеме жасаған басылым мәліметіне сәйкес, Miss International 2024 финалы 12 қарашада Жапония астанасы Токиодағы Tokyo Dome стадионында өткен. Сұлулар додасы күллі әлем көрермендеріне тікелей эфирде көрсетілді.
Финалға өткен сегіз қарсыласынан баса озған 22 жастағы вьетнамдық студент әлемдегі ең сұлу бойжеткен атағын алды.
Әлемдік конкурсқа қатысқанға дейін Тхань Тхюи 2022 жылы "Вьетнам аруы" ұлттық байқауында жеңіске жеткен.
Сұлулық байқауында қатысушылардың әдемі келбетінен бөлек оның білімі, қоғамдық өмірге атсалысуы сынға алынды. Жеңімпаз бойжеткен Дананг пен Хошимин қалаларындағы екі университетте білім алады, ағылшын мен корей тілдерін жетік меңгерген.
Сонымен қатар вьетнамдық ару өз елінде танымал модель.
Оқуы мен жұмысынан бос кездері Тхань Тхюи түрлі волонтерлік жобаларға қатысады. Эко қозғалыстардың белсенді мүшесі.
Miss International – төрт ірі халықаралық сұлулық байқауының бірі. 1960 жылы Американың Калифорния штатында тұсауын кескен байқау 1972 жылдан бастап Жапонияда өткізілетін болды.
13 қараша 2024 ж. 365 0