Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Cаясаткер 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды

Cаясаткер 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды

Жапонияның консервативтік партиясының жетекшісі Наоки Хякута 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Сондай-ақ саясаткер 25 жастан асқан жапониялық әйелдерге тұрмысқа шығуға, ал 18 жастан асқан қыздарға университетке түсуге тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, 30 жастан асқан әйелдердің жатырын алып тастау керек. 
“Бұл ұсыныс жас қыздарды ерте жаста ана болуға ынталандырады. Сондай-ақ Жапонияның демографиялық мәселесін шешуге көмектеседі. Ерте некеге тұру және ұзақ мерзімді білім беруден бас тарту әйелдерге отбасы құруға және бала тууға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді”, – дейді ол. 
Саяси мансабына дейін жазушы болған Хякутаның бұл сөзі қоғамда да, БАҚ-та да қызу талқыға түсті. Көбі оның көзқарасын мизогинистік және радикалды деп санайды. Жұрттың сынынан соң саясаткер өз сөздері үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ол бұл тек "гипотетикалық болжамдар" екенін түсіндірді. 
Дегенмен саясаткердің ұсынысы қоғамда әлі талқыланып жатыр. Олардың басым көпшілігінің сөзінше, мұндай ұсыныс қоғамдағы әйелдерге қысымды күшейтуі мүмкін.
14 қараша 2024 ж. 284 0