Жапонияда Юрико Микаса ханшайым қайтыс болды

Ол қазіргі монарх Нарухитоның 2016 жылы қайтыс болған атасының жесірі болатын.
Ханшайым 15 қараша күні көз жұмған. Ол бір жыл бойы Токионың ауруханасында ауыр халде жатқан. Алдымен оған ми инфаркты және аспирациялық пневмония диагнозы қойылған. Салдарынан оның денесінің оң бөлігі сал болып қалған. Бірақ кейіннен қозғалыс қалпына келген.
Императорлық сарай басқармасы ханшайымның қарттықтан қайтыс болғанын мәлімдеді.
Юрико Микаса ханшайым қазіргі монарх Нарухитоның атасы император Сёва Хирохитоның інісі Такахито Микасаның әйелі.