Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Берлинде Путиннің отставкаға кетіп, сотталуын талап ететін шеру өтті

Берлинде Путиннің отставкаға кетіп, сотталуын талап ететін шеру өтті

Берлинде соғысқа қарсы шеру өтті. Наразылыққа шыққандар Украинадағы қақтығыстарды тез арада тоқтатуды, Владимир Путиннің отставкаға кетуін және соттауды, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Соғысқа қарсы. Путинге қарсы. Саяси тұтқындарға бостандық"  ұранымен Берлинде Ресей оппозициясы ұйымдастырған соғысқа қарсы шеру өтті. Шеру Берлиннің үкіметтік кварталында басталып, Бранденбург қақпасының жанындағы Ресей елшілігінде аяқталды.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, шеруге бір жарым мыңнан жеті мыңға жуық адам шықты. Наразылықты Юлия Навальная, Илья Яшин және Владимир Кара-Мурза басқарды.
Жиналғандар Украинадағы соғыс қимылдарын тез арада тоқтатуға шақырды.
"Путин – ол Ресей емес. Ресей – бұл біз. Біз соғысқа, агрессияға қарсымыз, еркін, бейбіт Ресейді жақтаймыз", – деді Яшин.
Ресей елшілігінің алдында Яшин наразылық білдірушілерді өз халқы үшін күресуге және берілмеуге шақырды. Қара-Мурза қатысушылардың Путиннің отставкаға кетуін, оның сотталуын және Украинадан ресейлік әскерлердің шығарылуын талап ететінін айтты. Навальная митингке тұрақты тұрде шығу керегін айтты
"Біз Ресейде шеруге шыға алмай отырған адамдар үшін шығуымыз керек... Біз өлтірілген адамдар үшін щеруге шығуымыз керек", – деді ол.
Бұл Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресей оппозициясының шетелде ұйымдастырған алғашқы ірі акциясы. Қатысушылар қазіргі билікті барлық ресейліктердің қолдамайтынын әлемге көрсету маңызды екенін айтты.
Наразылық білдірушілер соғысқа қарсы ұрандар жазылған плакаттарды, туларды, оның ішінде оппозицияның символына айналған ақ-көк-ақ түсті кенептерді ұстап шықты. 
17 қарашада Прагада, Лиссабонда, Вильнюсте, Варшавада, Ереванда, Окленд, Сидней және Токиода әртүрлі көлемдегі соғысқа қарсы шерулер өтті.
Айта кетейік, бұған дейін  Ресей "егемендігіне қауіп төндіретін" кез келген іс-әрекетке ядролық қарумен жауап беруге дайын екенін айтқан еді. 
18 қараша 2024 ж. 200 0