Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Украинаға жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын миналарды жеткізеді

АҚШ Украинаға жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын миналарды жеткізеді

Джо Байден Ресей әскерлерінің шабуылын бәсеңдету үшін Украинаға жаяу әскерлерге қарсы миналарды жеткізуге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Washingtonpost.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ осы тұста Украинадан мұндай оқ-дәрілерді халық тығыз қоныстанған жерлерде қолданбауды сұрады.
Джо Байденнің кетіп бара жатқан әкімшілігі Киевке жаяу әскерге қарсы миналар мен қоса салыстырмалы түрде алыс қашықтықтағы Аtacms зымырандарын пайдалануға рұқсат берді. (Ресей аннексиялаған Қырымдағы нысандар бойынша олар бұған дейін де әскери-теңіз күштеріне шабуылдаған).
Ал Ресей болса Украинаға шабуылдың басынан бастап жаяу әскерге қарсы миналарды еркін қолданған. Байден әкімшілігі мұндай миналарды Киевке жеткізгісі келмеді. Себебі олардың бейбіт тұрғындарға қауіпі басым. Оның үстіне басқа елдер мен халықаралық ұйымдар қарсылық танытты.
20 қараша 2024 ж. 463 0