Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген. Магнитудасы 3,4 болатын жер сілкінісінің ошағы Ош және Жалал-Абад облыстарында болған.

Жерасты дүмпулерінің қарқындылығы:

Орқазған, Қанжыға, Ақ-Терек, Жийде ауылдарында - 3 балға жуық;
Салам-Алик және Көш-Етер ауылдарында - 2,5 балл.
Еске салайық, 4 желтоқсанда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 3,6 балдық жер сілкінісі болған еді.

2 желтоқсанда Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.


Сурет: ашық дереккөзден алынды
09 желтоқсан 2024 ж. 174 0