Нигерияда кеме апатқа ұшырап, 20 адам мерт болды
Нигерияның Бенуэ штатында жолаушылар кемесі суға батып, 20 адам мерт болды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.
Бенуэ штатының полиция өкілі Кэтрин Анэненің ақпаратынша, базардан қайтып келе жатқан адамдар мінген ағаш қайық Игату ауданындағы Бенуэ өзеніне батып кеткен.
Іздеу-құтқару жұмыстары барысында 20 адамның денесі табылды, 11 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
Іздеу амалдары жалғасып жатыр.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Майоттадағы жойқын циклоннан құрбан болғандар саны өсуі мүмкін.
Жергілікті әкімшілік басшысы Франсуа-Ксавье Бьевиль БАҚ өкілдеріне қираған дүниелердің ауқымы анықталған соң құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін жеткізді.
Бұл ретте ол табиғи апат салдарынан жүздеген адам құрбан болғанын, алайда олардың саны мыңдаған адамға жетуі мүмкін екенін ескертті.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz