Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды
Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады.
Оның айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.
"Бұл - Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды", - деді Аляутдинов.
Сурет: ашық дереккөзден алынды