Болгария астанасында вагон өртеніп, төрт адам мерт болды

Бұл туралы бүгін ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.
Сондай-ақ агенттіктің хабарлауынша, өртенген вагонда тағы екі адам зардап шеккен.
Түні ішінде тұрақты мекені жоқ бір топ адам вагонға кіріп, ол жерден өрт шыққан. Өрт сөндірілді, оқиға орнында процессуалдық тергеу жұмыстары жүргізілді.
Осыған дейін Болгарияда жалған купюралар дайындайтын баспахана анықталғанын жазған едік.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz