Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Беатриса Йоркская ханшайым екінші перзентін дүниеге әкелді

Беатриса Йоркская ханшайым екінші перзентін дүниеге әкелді

Елизавета ІІ немересі Беатриса ханшайым дүниеге қыз бала әкелді.

Британдық корольдік отбасының мәлімдемесіне сәйкес, Афина Элизабет Роуз Мапелли-Моцци сәрсенбі, 2025 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келген.

    - Ханшайым Беатриса мен Эдоардо Мапелли Моцци мырза 22 қаңтарда сәрсенбі күні сағат 12:57-де Лондондағы Челси және Вестминстер ауруханасында дүниеге келген қыздары Афина Элизабета Роуз Мапелли Моццидің аман-есен туғанын қуана хабарлайды, - делінген хабарламада.

Жаңа туған нәрестенің салмағы 4 фунт 5 унция (шамамен 1,98 кг).

Беатриса - Йоркская Эндрюдің үлкен қызы.

36 жастағы ханшайым тақ мұрагері ретінде тоғызыншы орында.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: Нұрболат Нұржаубай
30 қаңтар 2025 ж. 74 0