Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды
![](/uploads/posts/2024-11/medium/1732962831_1.jpg)
Нәрестенің салмағы - 4900гр. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды.
Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туылған 707 нәресте және 96 егіз бар.